Емі жоқ ауруға шалдыққан әйел бар ақшасын шашып біткен соң, сау екенін білген
Ұлыбритания тұрғыны Джеки Дибб өлімге әкелетін ауруға шалдыққаны туралы естігеннен кейін отбасының жылдар бойы жинаған қаражатын оңды-солды шашқан. Бірақ бір жылдан кейін дәрігерлер оған медициналық нәтиженің қате көрсетілгенін хабарлаған.
Бұл туралы The Mirror хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
62 жастағы әйел зерттеу нәтижесі бойынша компьютерлік томография жасатып, қатерлі дертке шалдыққаны жайлы білген. Дәрігерлер әйелдің бес жыл өмірі қалды деген соң, Дибб және оның күйеуі Роб жылдар бойы жинаған ақшаларын көңіл көтеруге және саяхаттауға жұмсауды шешкен. Ерлі-зайыптылар сол уақыттың ішінде бағасы 700 фунт стерлинг тұратын заманауи тоңазытқышты сатып алған. Ал демалысқа тағы 1500 фунт қаражат жұмсаған.
Емі жоқ ауруға шалдыққан әйел 12 жасар немересімен де қоштасып үлгерген екен.
«Мен әрдайым сенің жаныңдамын, бірақ түрім фильмдердегі құбыжықтар секілді қорқынышты болады», – деген әйел немересіне.
Алайда бір жыл өткен соң, науқас қайта тексеруден өткен. Зертхана нәтижесі есте сақтау қабілетіндегі мәселелер мен қобалжулар өлімге әкелетін ауру емес, антидепрессанттарға байланысты екенін көрсетті.
Бұл жаңалықты естіген Дибб және оның күйеуі аурухана үстінен шағымданды. Дәрігер болса тексеру кезінде қателік кеткенін айтып, кешірім сұрап хат жолдаған.
Жіберіп алмаңыз:
Ислам дінін қабылдаған Линдси Лохан сән көрсетіліміне хиджаб киіп барды
Телефонын қуатқа қойып әуен тыңдаған қыз туыстарының көз алдында өліп кетті
АҚШ президенті мектеп мұғалімдерін қарумен жарақтандыруды ұсынды
Түріктің “Kara sevda” телехикаясын Өзбекстанда көруге тыйым салынды