Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық колледждердің екі мыңнан астам студенті Жұмысшы мамандықтар жылының жабылуына арналған флешмобқа қатысты

размещение

Астанада жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан колледж студенттерінің қатысуымен Жұмысшы мамандықтар жылының аяқталуына арналған ерекше флешмоб өтті. 

Елордада жұмысшы мамандықтар жылының ресми жабылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында колледждердің негізгі жетістіктері мен бастамалары, жұмыс берушілермен бірлескен кәсіби білім беруді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытындағы нәтижелер таныстырылды.

размещение

Сонымен қатар кәсіби білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

размещение

Осы айтулы оқиғаға орай елорданың білім басқармасы флешмоб ұйымдастырып, оған жұмысшы мамандықтар бойынша білім алып жатқан колледждердің 2 000-нан астам студенті қатысты. Атап айтқанда, аспаздар, бармендер, тігіншілер, слесарьлар мен электрмонтажшылар акцияға белсене атсалысты.

размещение

Қатысушылар арнайы осы шара үшін жазылған “Жүрек қалауы” әнін орындады. Бұл ән алдағы уақытта жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан барлық студенттің ортақ әнұранына айналады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Желтоқсан, 2025 10:42