Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада қайтарылған актив аукционда 108 миллион теңгеге сатылды

Астанада қайтарылған мүлік санатындағы тұрғын емес үй-жай аукционда 108 миллион теңгеге сатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: e-auction.e-qazyna.kz 

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания аукцион E-Qazyna электронды платформасында өткенін хабарлайды. Аукцион барысында қайтарылған мүлік – Астана қаласында орналасқан тұрғын емес үй-жай сәтті сатылды. Мүлік Қосылған құн салығымен 108 миллион 461 мың 438 теңге болды. 



"Бұл мәміле инвесторлардың Астанадағы жылжымайтын мүлікке деген жоғары қызығушылығын растайды және активтердің нарықтық әлеуетін көрсетеді. Түскен барлық қаражат Арнайы мемлекеттік қорға жіберіліп, Қазақстанның экономикалық дамуын қолдауға және маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады", – делінген хабарламада.

Фото: e-auction.e-qazyna.kz 

Лоттың сипаттамасында ауданы 121 м² болатын құрылыс алаңы Нұра ауданында 14 қабатты тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқаны көрсетілген.

Оның сметалық құны – 84 миллион 584 мың 305 теңге.

Лот сипаттамасында аукцион 2025 жылдың 5 ақпанында өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау өңірінде елге қайтарылған қаржы есебінен 1,4 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатыны айтылған еді. 

Талқылау