Елордада ер адам әйелін атып өлтіріп, 5 жасар ұлын жарақаттады
Нұр-Сұлтан қаласында отбасылық жанжал атыспен аяқталды. Ер адам әйелін атып өлтіріп, 5 жасар ұлын жарақаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 қазанда сағат 22:19-да полицияға қаланың 55 жастағы тұрғыны мен 5 жасар балаға оқ тигені туралы қоңырау түсті.
«Анықталғандай, 59 жастағы ер адам отбасылық жанжал кезінде әйеліне оқ атып, сонымен қатар өзге некеден туған ұлын жарақаттаған. Салдарынан әйел оқ жарақатынан көз жұмды. Ал зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Ер адамның оқиға кезінде мас болғаны белгілі болды», - делінеді полиция хабарламасында.
Күдікті тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан