Елордада балабақшадағы екі бүлдіршін менингит ауруын жұқтырды
Елордалық балабақшада екі бала вирустық менингитпен ауырды. Бұл туралы елордалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті хабарлады.

Менингит аурумен тіркелген балалардың тобында 14 бала бар. Балаларды дәрігерлер бақылайды. Бұл топ басқа адамдармен әлі байланыста болған жоқ.
Оқу жылының басталуымен вирус жұқтырғандардың көбеюі күтілуде. Бұған суық ауа райының басталуы ықпал етеді.
Елорданың тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ дейді. Вирустық менингит бактериалды немесе іріңді менингит сияқты қауіпті емес.
Егер симптомдар пайда болса, өздігінен емдеуге емес, дәрігермен кеңесу керек.
Вирус су, көкөністер, жемістер, тамақ, лас қолдар арқылы беріледі және оларды бассейндерде жұқтырып жатады.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы 8 айда елордада менингиттен 240 адам емделген, олардың 173-і балалар.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"