Елизавета Матвеева Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Елизавета Матвеева Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы биіктікке секіруден 186 см нәтиже көрсетті. Нәтижесінде отандасымыз екінші орын еншіледі.
Бұл жарыста алтын жүлде Үндістан аруы Пуйи Пуйиге бұйырды. Ал Өзбекстан спортшысы Сафина Садуллаева 186 см еңсеріп, қола жүлдені жеңіп алды.
Осылайша Елизавета Матвеева ел қоржынына бесінші жүлдені салды. Бұған дейін, алғашқы жүлдені 20 шақырымдық қашықтықта жарыс жолына шыққан Ясмина Тоқсанбаева қола медаль иеленген болатын. Ал алғашқы алтын медальді Дейзи Джепкемей 10 метрге жүгіруден ұтса, тағы бір кениялық легионер Нора Джеруто екінші алтын жүлдені жеңген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

