Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тағы үш қаласында оқушылар ауа райына байланысты қашықтан оқиды

12 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Петропавл, Павлодар және Семей қалаларында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ауа райының нашарлауына байланысты үш қаладағы мектептердің бірінші ауысымындағы оқушылар қашықтан оқытуға жіберілді.

Семей мектептерінің бірінші ауысымының 1-4 сынып оқушылары аязға байланысты үйде қалып, онлайн оқиды. Қалада ауа райы -24 градусқа дейін төмендеді.

Павлодарды да аяз басты. Мұнда да 1-ауысымдағы 0-11-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқуға қалдырылды. Мұнда ауа температурасы -30-ға дейін төмендеді.

Петропавлда ауа температурасы -36-ға дейін төмендеді. Қазіргі уақытта барлық жастағы мектеп оқушылары қашықтан білім алуда.

Еске салсақ, Қостанай, Қызылорда және Астанада аяздың кесірінен оқушылар қашықтан оқып жатыр.

Талқылау