Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің оңтүстігінен солтүстікке көшетіндерге тегін баспана беру ұсынылды

Парламент сенатының депутаты Әлімжан Құртаев өз еркімен еліміздің оңтүстігінен солтүстікке көшетіндерге 5 жылға дейін тегін баспана беруді ұсынды.

Фото: Анатолий Устиненко

Депутат сондай-ақ қоныс аударушылардың тұрақты мекен-жайға жетуі үшін өтемақы төлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik. 

«Қоныс аударушы мигранттар олар – басында баспана, жұмысы жоқтар. Көшкісі келгенімен, олардың жол жүруіне де ақшасы жоқ. Көшіп бара салысымен бірден ақша таба алмайды. Осы тұрғыда ақшалай өтемақы беру мәселесін қарастыруды ұсынамын», – дейді сенатор пленарлы отырыста.

Қоныс аударушылардің көбі өз үйі болғанын қалайда. Ал, солтүстіктегі ауылдарда бос үйлер көп.

«Жергілікті атқару органдарына бұл үйлерді өз қарауына алып қоныс аударушыларға 5 жылға дейін тегін беруді ұсынар едім. Бес жылдан соң тұған үйлерін жеке меншігіне өткізуге болады», – деді Құртаев.

Қазақстан Үкіметі халық санын көбейту үшін оңтүстік халқын солтүстікке қоныс аударуға шақыруда. Билік өкілдері бұған дейін қоныс аударушыларға арнайы шаралар бекіткен болатын.

Тағы да оқыңыз:

«Голос. Дети» шоуына қатысқан он жасар Данелияның анасы: Қызымның аты Дәнел болуы тиіс еді

Қызық екен: “Нысана” актері Дәнекер киелі құсты білмей ұятқа қалды

Актриса Мэрайя Кэриді сексуалды зорлық көрсетті деп айыптады

Талқылау