Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасары – қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасын тағайындады
Қазақстанның Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Абай Қайырбеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Абай Қайырбеков 1975 жылы 29 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген.
1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы бітірген.
1998 жылдан бастап Ішкі істер органдарында. Қызметін кәмелетке толмағандар жөніндегі жедел уәкіл қызметінен бастады. Кейін Ішкі істер министрлігі ведомстволарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2011 жылдан бастап Ішкі істер министрлігі орталық аппаратында басшылық қызметтер атқарды.
Айта кетейік, 2025 жылы 17 қаңтар күні Теңізжан Жәнібеков Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді. Сол кезде комитет төрағасының міндетін атқарушы болып Абай Қайырбеков тағайындалған еді.
Кейіннен Ішкі істер министрлігі Теңізжан Жәнібековті өз өтініші бойынша қызметінен босатқан. Теңізжан Жәнібеков 2024 жылдың қаңтарынан бері Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Әділет Мұстафинов ұсталған еді. Мұстафинов "бір жұмбақ әйелден" 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.