Еліміздің бас санитар дәрігері ауада зиянды қоспаларды "шашу" туралы қауесетке түсініктеме берді
ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ауада зиянды заттарды "шашу" туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Түнде ауаға белгісіз газды шашу жағдайы болып жатқандығы туралы тұрғындар арасында хабарлама таралуда. Осы орайда түнде үйдің терезелерін жабу, балаларды далаға шығармау керектігі айтылып жатыр. Осы ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады", - деп сұрақ қойды журналист.
Бұл сауалға жауап бере отырып, Айжан Есмағамбетова тек ресми және тексерілген ақпаратқа сенуге шақырды.
"Қандай да бір қоспаларды ауаға шашуға байланысты ақпарат дұрыс емес әрі шындыққа жанаспайды. Халықты тек тексерілген ақпаратты және тек ресми дереккөздерден ғана пайдалануға шақырғым келеді", - деді ол.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасы көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"