Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің 18-миллионыншы тұрғынына 3 бөлмелі пәтер берілді

Еліміздің 18-миллионыншы тұрғыны – Талдықоғанда өмірге келді. Алматы облысының басшысы 18-миллионныншы тұрғынға 3 бөлмелі пәтер сыйлады.

Амандық Баталов Муслима Саматқызының отбасына баспана кілтін табыс етті. Одан бөлек 100-ден аса қала тұрғынына пәтер кілті табысталды. Коммуналды үйден 55 пәтер және  қаланың оңтүстік-батысында “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған  тұрғын үйден 64 пәтер берілді, деп мәлімдеді өңір әкімінің баспасөз қызметі.

“Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты қолжетімді баспанамен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгін, Тұңғыш президент күні қарсаңында жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты жағдайда тапсырып жатқаныма қуаныштымын. Сіздерді осы қуанышты сәттеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Отбаслыарыңызға береке-бірлік, татулық пен амандық тілеймін, — деді Баталов.

Еліміздің 18-миллионыншы тұрғыны Муслима Саматқызының ата-анасы Самат Бестібаев пен Диана Омарханованың қуанышында шек жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында алаяқтық жасаған заңгер ұсталды

Жаңа жылдан бастап қазақ жері жаппай 49 жылға дейін жалға берілуі мүмкін

Шымкентте эротикалық видеомен танылған шенеунік діни мекемедегі қызметіне қайта келді

Талқылау