Еліміздің 12 облысының тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалды
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" 2025 жылдың 20 қазанына арналған дауылды ескерту жариялады. Ескерту еліміздің 12 өңіріне қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісу облысы Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да өрт қаупі жоғары деңгейде.
Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аймақтарға тұман түседі. Таулы өңірлерде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде өте жоғары, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстігінде өте жоғары, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да өрт қаупі жоғары деңгейде қалады.
Атырау облысында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде өте жоғары, ал солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар. Атырау қаласында да желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Ақмола облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында түнде солтүстікте 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше, ал солтүстік және орталық бөліктерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да өрт қаупі жоғары.
Абай облысының оңтүстік аймақтарында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысында түнде солтүстікте және таулы аймақтарда 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жағдай сол деңгейде.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман болып, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман болады. Ал желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігінде өте жоғары, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік пен шығыста жоғары, ал батыс, солтүстік-шығыс және орталық аймақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
