Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов ең өнерлі 5 шенеунікті атады

Жоғары лауазым иелерінің де өнерге бар таласы. Қызметті қайдам, аракідік ән шырқап, көптің көңіліне жол тапқандар да, тым құрығанда жұрттың есінде қалған шенеуніктер бар.

Берік Дүйсенбай әншілік қырымен көрінген игі жақсылардың үздік бестігін топтап көрді. Сонымен біздің пайымымыздағы үздік бестік, деп хабарлайды Евразия арнасы.

180808

Бесінші орын – Кәрім Мәсімов. Мұртын сипап, күлімсіреп отыратын еді үкіметте, бүгінде елдің бас чекисіне айналған соң ба, көзден таса болды шыны керек. Бірақ оның әндері ғаламторда, жұрт назарында.

Сарапшыны шақырдық. Ақ жағалылардың әніне белгілі әнші, отандық эстраданың маңдай алды қайраткерлерінің бірі Қыдыралі Болманов баға береді.

«Легатоны әп-әдемі ұстап тұр. Легато дегеніміз біркелкі, үзбей, жұлқымай айту» – дейді әнші Қыдырәлі Болманов.

56f4e1a2de23f1458889122

Төртінші орын – экс депутат Мұхтар Тінікеев. Мәжілісте жиі сауал жолдап, белсенді отыратын Мұқаңды кейін ғаламторда басқа қырынан көрдік.

ad9aa2f5-907e-4995-bbf3-d38538dc331e_mw1024_s_n

Үшінші орын – Ахметжан Есімов. Ағылшынша сөйлеуден алдына жан салмай ТМД көлемінде талқыға түскен Ахметжан Есімовтің ән салуы да ғаламторда жұрттың талқысында.

3ba8f714128a1134e63c05addd6a77a5-big

Екінші орын. Шенеунік болғалы шулатып келе жатқан мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өнерде де бір тартары бар екен.

121055

Бірінші орын. Бұл кісі қазір елден жырақта. Ресейде елші. Мәскеуде жүріп, достарын сағынған сияқты. Сарапшымыз да біздің бестіктің үздігіне Иманғали Тасмағанбетов лайық деп есептейді.

«Шенеуніктер де адам ғой. Олардың өнерге жақын болғанын, ән айтқанын, би билегенін, түрлі аспаптарда ойнағанын өте жақсы қабылдаймын. Тіпті қызығып тыңдаймын, ютубтен іздеп көремін десем де болады. Бізге маңыздысы – ән айтқаны, би билегені, болмаса өнер көрсеткені емес, бізге олардың мынау халыққа, бізге адал қызмет еткені» – дейді журналист Гүлбану Әниятқызы.

«Енді мен тек қана бір отбасымда, бір ағайынның ортасында, дос-жарандарда ән айтып, көңіл білдірем. Ал былай үлкен сахнаға шығып ән айтқан мен жағымнан дұрыс емес» – ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Әу демейтін қазақ жоқ дейді. Сондықтан бәріміз де өлең де айта аламыз. Би билесе, би де билей аламыз. Менің өзімнің атым Майра ғой» – ҚР парламент мәжілісінің депутаты Майра Айсина.

«Мемлекеттік қызметте жүрген басшының бойынан ондай таланттар табылып жатса, ол қуанарлық нәрсе. Ол адамның жеті қырлы, бір сырлы екенін көрсетеді. Қалай болғанда да мәселенің екінші жағы бар. Кезінде ұлы химик Менделеевтің өзінің үлкен хоббиі болған. Яғни оны адамзат біледі, шамадан жасаған. Сол шамадан арқылы біраз танымал болған. Елдің де көзіне түскен. Бірақ ол тарихта несімен қалды. Өзінің ең басты ғылыми жетістігі – таблицасымен қалды» – дейді қоғам қайраткері Әміржан Қосанов.

«Жалпы менің өзім жеке ойым, олар да адам. Олар да өздеріне көңіл-күй сыйлағысы келеді және де ол халыққа ұнайды деп ойлаймын. Неге егер даусы бар болса, таланты болса неге ән салмасқа? Неге айтпасқа? Неге шырқамасқа? Мен қарсы емеспін. Мен қолдаймын».

«Енді олар депутат болғаннан кейін халыққа қызмет көрсетуі керек қой. Өз жұмысына қатысып шамалары жетпегенде әнмен жұртқа жауап берсін».

«Әу демейтін қазақ жоқ. Дегенмен де, депутат, министр билік басында отырғаннан кейін әркім бүгінгі таңда өз жұмысымен айналысқаны дұрыс. Олар ән айтатын болса халықтың қамын кім ойлайды».

«Мысалға, кейбір министрлер айтқандарын орындамайды. Тым болмаса ән айтып жұрттың көңілін көтеріп өз қателіктерін мойындаса».

«Сонда ғана дүние орнына келіп, дүние алға жылжымақ негізі. Ал бізде кері боп кеткен да. Бізде көп, енді бәріне күйе жағуға болмайды әрине, бірақ көптеген шенеуніктер өзін бір сұмдық сезініп, жұртпен ыңыранып әңгімелесе алмайды, ән айтпақ түгілі.Осынайда Абайды іздеп кеткің келеді» – дейді әнші Қыдырәлі Болманов.

Әрине, бұл материалда біз ақ жағалыларымызды қаралаудан мүлде аулақпыз. Себебі біздің шенеуніктер біздікі, басқаны емес. Олар ән салса, жұрттың есінде қалады, қызметін адал атқарады.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда әпкесі мен анасының ұратынын айтқан 9 жасар қыз көлік астына түспек болды

Назарбаев электрокар көлігін жүргізді (видео)

Талдықорған әуежайында үлкен апаттың алдын алған екінші жұмысшы ауруханада қайтыс болды

Талқылау