Елімізде үштік бағамен оқитын колледж студенттері де стипендия алатын болды
Елімізде нашар оқитын студенттердің өзі шәкіртақы алатын болды.
Ай сайынғы шәкіртақының құны 17 мың теңге. Қазақстан үкіметі осылай деп шешті, деп хабарлайды 31 арна.
Бекмұрат Тоқпан әкесінің айтуымен колледжде жұмысшы мамандығында оқып жатыр. Үш жылдан соң маман болып шығады. Оған дейін мемлекет атынан оқымақ.
«Бірінші курса оқимын. 16500 шәкіртақыны керегіме жаратам. Ата-анама керек болса, беріп тұрам», – дейді Павлодар техникалық колледжінің студенті Бекмұрат.
Колледжде осында жеңілдіктер берілген. Ал, былтырғы жылғы түскен студенттерде мұндай мүмкіндік жоқ. Олар кез келген уақытта оқудан шығарыла салуы мүмкін.
«Екінші курста студенттердің 30 пайызы шәкіртақы алады Егер бір пәннен үштік баға алса, шәкірақыдан қағылады. Сондықтан балалардың сабақты жақсы оқуы міндетті», – дейді оқу ордасының директоры Әнуарбек Ахметшаихов.
Үздік оқыған сутденттерді тәжірибе жұмысына шақыруы мүмкін. Нашар оқитындар бұл кезекті соңғы орында тұрады.
«Бағдарлама бойынша, алдымен аз қамтылған отбасының балалары, көп балалы отбасының балалары, ешбір мамандық ала алмаған бұрынғы мектеп түлектеріне, жалпы алғанда барлығына мүмкіндік беріледі», – дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлсім Сүйіндікова.
Тегін оқу, тегін жатақхана, тегін тамақтану мен шәкірақы бәріне бірдей беріледі. Алайда жұмысшы мамандығын оқығандар бұл мүмкіндікті пайдалана алмайды.
Тағы да оқыңыз:
Путин СҚО әкімінің фамилиясын әзілге айналдырды
Назарбаев Путинмен бірге сыра ішкен кезін айтып берді
Бетіне шығып секірді: Қарағандыда куәгерлер полицейлердің күдіктіні қалай ұрғанын айтып берді