Елімізде жүргізушісіз көліктер мен дрон арқылы жеткізу қызметі қашан пайда болады

Биыл Қазақстанда жүргізушісіз көліктер мен дрон арқылы жеткізу қызметі іске қосылмақ. Мұны Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, елімізде пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр.
“Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен жүргізушісіз көліктердің пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Жоба 2026 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асырылады”, – деді Мәдиев.
Алматыда жүргізушісіз таксилердің қашан іске қосылатыны белгілі болды
Сонымен қатар елде дрон арқылы жеткізу қызметін енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама жеке сектордың қатысуымен қолға алынған.
“Бұл жобалар қалалық мобильділік пен логистиканың жаңа модельдерін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді”, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы Астанада жүргізушісіз таксилер пайда болатыны туралы жазған едік.
Мұнай бағасы 200 доллар болған жағдайда Қазақстан экономикасына не болады