"Жолаушылар ішінде қалып қойған": Сан-Францискода электр қуаты өшіп, жүздеген жүргізушісіз көлік көшеде тоқтап қалды (видео)
Фото: Видеодан скрин
Сан-Францискода электр қуаты жаппай өшіп, салдарынан жүздеген жүргізушісіз көліктер тоқтап қалды. Ал жолаушылап роботаксидің ішінде бір тәуліктей қамалып отырған. Қала инфрақұрылымы істен шығып, қоғамдық көлік пен байланыс жүйелері уақытша тоқтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сан-Францискода электр қуаты сөніп, жүргізушісіз көліктер тоқтап қалды. Қаладағы қосалқы станциядан өрт шықты. Көше шамдары мен бағдаршамдар сөніп, шаһардың үштен бір бөлігі қараңғылыққа батты. Пойыздар тоқтап, қоғамдық көлік бағыттары өзгерді.
Электр қуатының үзілуі кезінде байланыс пен навигация да жоғалды. Салдарынан жүздеген роботакси жолдың ортасында қатып қалды. Электр көліктері өшіп, есіктері автоматты түрде құлыпталды. Ал жолаушылар ішінде қалып қойды.
Сан-Францисконың 130 000-нан астам тұрғыны бір тәулікке жуық электр қуатынсыз қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Қытайда дайындалған ұшқышсыз әуе көліктерін жолаушы және жүк тасымалына пайдаланғаны туралы жазған едік.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі