Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ұлттық экономика министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Тимур Сүлейменов ҚР ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

20161228174137

Бұған дейін еліміздің ұлттық экономика министрлігін Қуандық Бішімбаев басқарған болатын.

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. Павлодар мемлекеттік университетін, АҚШ-та Мериленд университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы “Эрнст энд Янг Казахстан” аудиторлық компаниясына бас кеңесші болып бастаған.

Одан кейін 2009-2010 жылдары экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, 2010-2012 жылдары экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметтерін атқарған.

Бұған дейін кадрлық ауыс-түйістер барысында сыртқы істер министрлігіне де жаңа басшы тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз:

Атырауда банкомат «пара» деген жазуы бар ақша берді

2017 жылы теңге бағамы қандай болады?

Мұхтар Тінікеев барша қазақстандықтардан кешірім сұрап өз еркімен қызметінен кетті

Ақтөбе әкімі жиналыс кезінде тағы да ұйықтап қалды

Талқылау