Елімізде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді
29 қараша күні Қазақстанның барлық өңірінде теледидар мен радио өшіріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рixabay.com
Қазтелерадионың мәліметінше, үздіксіз әрі сапалы телерадио хабарларын тарату мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
“2024 жылғы 29 қарашада сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарында қызметтерді жабумен жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында бүкіл Қазақстан бойынша теле-радио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін 30 қазанда Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радиодан хабар тарату тоқтатылған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"