Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде сәуір айында күн ысып, мамырда қар жауады

Бүгін «Қазгидромет» РМК алдағы жарты жылдыққа арналған ауа-райы болжамы туралы баспасөз конференциясы өткізілді. Онда қазақстандықтарды суық пен жылы кезең кезекпен алмасып тұратын тұрақсыз ауа-райы күтілетіні айтылды.

tmb_159521_6319

Баспасөз конференциясының барысында Гүлмира Акишева сәуір айында қазақстандықтарды суық пен жылы кезең кезекпен алмасып тұратын тұрақсыз ауа-райы күтілуде деп хабардар етті. Айдың басында суық, желді, жауын-шашынды  және  көктайғақ құбылыстары болып, артынша жылы ауа массаларының шығуымен, Қазақстанның бүкіл аумағында осы мезгілге тән емес жылы, ал оңтүстікте тіпті ыстық ауа-райы орнайды. Термометр бағаны күндіз еліміздің солтүстігі,  шығысы  мен  орталығында 18 … 10 С жылыны; батысында 15 … 23 жылыны; оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында  20 … 25 жылыны көрсетеді.

Содан кейін, айдың ортасында, еліміздің  аумағын  кезекті суық толқындар жабады,  солтүстік  жартысы  аралас фазадағы жауын-шашынды және оңтүстігінде, жаңбыр болып, термометр бағандары солтүстік  жартысында  түнде 2 градус аязға дейін … 3 градус жылыға дейін, күндіз  3 …. 8 жылыға дейін; оңтүстік  жартысында  түнде  3 … 10 градус  жылыға дейін, күндіз  10 … 15 жылыға дейін төмендейді.

Айдың үшінші онкүндігінде ауа температурасы жылы және жаңбырлы: солтүстік жартысында  5 … 10 градусқа дейін жылы, күндіз 10 … 15 жылы; оңтүстік жартысында 10 … 15 градусқа дейін жылы, 15 … 20 жылы болады деп күтілуде.

Дидар Жәнібекұлы атап өткендей: «Ауа температурасының мұндай ауытқуы, су тасқынын  наурыз айының соңында  немесе сәуір айының  басында күтіледі».

Қазірдің өзінде, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары өзендер ағынының қалыптастырылуы – судың  көлемі су тасқыны кезінде 30-60% нормадан  жоғары болады деп күтілуде.  Есіл, Жабай, Қалқұтан өзендерінде су белгілері қауіпті деңгейден асып, төгілуі  және  су  тасқыны  болуы  мүмкін.

Сондай-ақ, көктем тез түскен және жаңбыр жауған кезеңде Қостанай облысында жергілікті ағынның қарқынды қалыптасуы  мен су тасқыны болуы мүмкін.

Гидрологтар  Қазақстанның батысындағы өзендер үшін кері болжам беруде, олардың сулылығы нормадан төмен  деп күтілуде. Тек Ресей аумағындағы  Орал ө. бассейнінде қар қоры мен күзгі топырақ ылғалдануы нормадан артық, сондықтан Ресей аумағындағы Орал ө. су тасқыны мен Қазақстан аумағына келіп түсетін су  өткен жылдан екі есе көп және  нормадан 1,5 есе артық болады деп күтілуде.

Қарағанды облысы өзендері бойынша, олардың сулылығы су тасқыны кезеңінде норма шегінде күтілуде, су тасудың  басталуы наурыз айының соңында – сәуірдің басында күтілуде.

Гидрологтардың болжамы бойынша Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында сәуір-мамыр айларында, қардың еруі кезеңдерінде және  қатты  жаңбыр  жауған  жағдайда, жоғары еріген-жауын тасқынының болуы күтілуде. Таулардағы айтарлықтай қар қорының салдарынан, осы облыстағы көптеген өзендер сулылығы көктем мен жазғы кезеңдерде нормадан  15-40% жоғары болады деп күтіледі.

Маусым-тамыз айларында Алматы  облысының  тауларында  сел құбылыстары болуы мүмкін.

Осы аймақтың өзендері үшін вегетация кезеңіне арналған негізгі болжам сәуір айының бірінші онкүндігінде  шығарылады.

Марина Шмидт атап өткендей, осы жылғы көктем тұрақсыз, наурыз айында ауа-райы жылы күндерімен  қуантты,  бірақ  бұлтты  қарлы  күндермен ауысып отырды. Сонда да, синоптиктер  Наурызға қолайсыз болжам  береді: Қазақстанның батысы, оңтүстігі  мен шығысында жауын-шашын болады, тек республиканың орталығында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, республиканың шығысында төменнен соққан бұрқасын күтілуде.

Батыста: кей жерде жауын-шашын, тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 20 аяз-30 жылы, кей жерде 5-10 аяз, аймақтың оңтүстігінде 2-7 жылы, күндіз 0-5, кей жерде 10, оңтүстікте 16-ға дейін жылы;

солтүстік-батыста: кезеңнің екінші жартысында кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ. Кей жерде тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 13-23, аймақтың оңтүстігінде 3-8 аяз, күндіз 0-10 аяз, оңтүстікте 7-ге дейін жылы;

солтүстікте: жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман. Түнгі температура 15-23 аяз, күндіз 0-10 аяз; орталықта: жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 10-25 аяз, күндіз 0-10 аяз, кей жерде 0-5 жылы; шығыста: кей жерлерде қар, тұман, төменнен соққан боран, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 10-22 аяз, күндіз 0-12 аяз; оңтүстікте және оңтүстік-шығыста: бүкіл кезең бойы жауын-шашын, тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 2-13 аяз, күндіз 2-12 жылы.

Синоптиктердің болжамы бойынша, мамыр айында ауа-райы тұрақсыз болады деп күтілуде: жылы және кейде жаз күніндей ыстық күндері  қайта келген суыққа ауысып, түнде  ауа-райы қатқақ суық болады деп күтілуде. Солай бола тұра, айдың басында және ортасында арктикалық теңіз суларының салдарынан туындаған  суық ауа массалары  дымқыл қарды шақыруы  мүмкін.

Биылғы жаз ыстық болады деп күтілуде (1…2 ° C қалыпты нормадан жоғары) және негізінен құрғақ, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысын  қоспағанда, кейде солтүстiк-шығыс аймақтарда, қатты найзағай температураның күрт өзгеруі, тіпті бұршақ болуы күтілуде.  Күнілгері болжам бойынша қыркүйек салқын болады. Солтүстік және шығыс аймақтың тұрғындары қыстың алғашқы дайындығын айдың аяғында сезіне бастауы мүмкін.

Қазанда қазақстандықтар халық күнтізбесінде «қоңыр күз» деп аталатын, жайма шуақ ауа-райымен рахаттанады.

Температура бойынша 65%, жауын-шашын бойынша  60 % дәлелділігін ескере отырып, мезгілдік болжамды консультациялық болжам ретінде қолдану керек, ол кейіннен айға, онкүндікке және одан да қысқа мерзімдерге арналған ауа-райы болжамдарымен нақтыланатын болады.

Талқылау