Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде сатылып жатқан ойыншықтардың жартысынан көбі зиянды болып шықты

Астанадағы балалар батутқа басылып қала жаздап жатқанда, шығыстағылар ойыншыққа уланып қала ма деген қауіп бар. Мұндай дабылды Өскемендегі қоғамдық денсаулық сақтау мекемесінің мамандары қағып отыр.

Өйткені, олар облыс аумағында сатылып жатқан ойыншықтарға тексеру жүргізіп көрген. Ал, ең сорақысы, сол сатылымдағы ойыншықтардың жартысынан көбі баланың өміріне зиянды болып шықты, деп хабаралйды 31 арна. 

Ойыншықтардың қауіпсіздігін нақты білу үшін құзырлы орган қызметкерлері төрт ай бойы тексеру жүргізген. Тек облыс орталығы Өскемен қаласындағы емес, аудан мен қалаларда орналасқан дүкен сөрелеріндегілерін алып, арнайы сараптама жасапты. Нәтижесінде алынған ойыншықтардың жартысынан көбі жарамсыз деп танылған. Мәселен, жас бүлдіршін үшін жиі ойнайтын мынадай жұмсақтары тіпті қауіпті екен.

Суретте резеңке ойыншықтар.  Атауы: Xiu mei toys. Ойыншық иісінің 2 ұпай болуы қажет концентрациясы 3-ке тең. Кадмийдің деңгейі де екі есе артық. Ол негізінен уыттылық көрсеткіші жағынан 0,001 мг/л болуы қажет. Ал формальдегид құрамының екі жарым есеге дейін көптігі анықталған.

“Формальдегидтен иісінің несінен баланың лоқсуы, бас айналуы немесе құсуы болады. Аллергия тудыруы мүмкін. Ол сондай зиян тудырады организміне. Ондай ойыншықтарды сатып алмау керек ата-аналар”, – дейді  ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы Жанаргүл Қашқынбаева.

Арнайы мамандар ойыншықтардың қайда жасалғанына да мән беру керек дейді.

Мысалы өндірушінің орналасқан мекен-жайы, атауы, ойыншықтарды өңдеу тәсілі, жарамдылық мерзімі және балалардың жасына қарай шектеу көрсетілмеген. Сонымен қатар, ақпараттар мемлекеттік тілде мүлдем жазылмаған.

Қазір бұл тексерулерден кейінгі белгілі болған зиянды ойыншықтар саудадан алынып, жойылуда. Бірақ шет елден әкелініп жатқандарына әлі толық шектеу қоюға мүмкіндік жоқ. Мұндағылар мезгіл сайын бақылап, анықталғандармен алысуға ғана мәжбүр. Тек сіз балаңызды ойнатып, тіпті ойлау қабілетін арттырамын деп жүргенде, ойыншықтар опық жегізіп жүрмесін!

Тағы да оқыңыз:

Баспана бәріне бірдей берілмейді: Назарбаев арзан баспананы алдымен кімдер алатынын айтты

Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды

Тізерлетіп кешірім сұратқан: Шымкентте мектеп орынбасары мен мұғалімі оқушыларды мазақ етті

Талқылау