Елімізде отбасы мүшелеріне, балалар мен әйелдерге арналған шұғыл қоңырау "111" нөмірі пайда болды
Елімізде отбасы мүшелеріне, балалар мен әйелдерге арналған шұғыл қоңырау нөмірі пайда болды. Енді қиын жағдайда қалған тұрғындар осы номерге тегін хабарласып, көмек ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл нөмір барлық қазақстандықтарға ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық сипаттағы тегін байланыс қызметтерін, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетуді, азаматтардың заңды құқықтарын қорғайтын барлық мәселелер бойынша бастапқы кеңес беруді қамтамасыз етеді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар құқығының бұзылуы, баланың көшеде, үйде жалғыз қалып қалуы секілді түрлі жағдайға тап болған, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен ересектер, отбасы мүшелері осы нөмірге хабарласа алады.
Бұрын бұл нөмір "Аманат" партиясының жанынан жұмыс істесе, қазір 101, 102, 103 және т.б. нөмірлермен бірге мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің бірыңғай тізіміне енді.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды