Елімізде не себепті ішкі туризмнің бағасы шарықтап, ал сапасы құлдырап барады - Мамандар жауап берді
Қазақстандық демалыс орындарындағы баға өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға қымбаттаған. Мәселен, бұрын жатын орынды жалға алу 7 мың теңге тұрса, қазір 10 мыңға дейін көтерілген. Не себепті ішкі туризмнің бағасы шарықтап, ал сапасы құлдырап барады? Мамандар түсіндірді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Стандартты демалыс бөлмелері 27%-ға қымбаттаса, "жұлдызды" қонақүйлерде тұру бірден 40%-ға өскен. Мұндай орындарда бір апта аялдау 400 мың теңгеден және одан да жоғары тұрады.
“Бағаның көтерілуіне инфляция, девальвация сияқты әлемдік үдерістер әсер еткені анық.Егер біздің курорттық аймақтар бүгінде қызмет көрсету сапасын, баға мен сапаның сәйкестігін ойламаса, жыл сайын туристер ағынынан айырылады деп ойлаймын”, – дейді Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова.
Сондықтан көптеген қазақстандықтар шетелде демалуды жөн көреді, себебі мұнда арзанырақ және қызмет көрсету сапасы Ал егер Бурабайға, Алакөлге немесе Қапшағайға бағыттарды таңдаған азаматтың алдын ыңғайсыз пойыздар немесе қымбат әуе билеттері көлегейлейді.
- Не себепті Бурабайда демалу Түркияға қарағанда қымбат – Облыс әкімі түсіндірді
- “Қабырғалардың бояуы опырылып түсіп жатыр”: Балалар омбудсмені Түркістан облысындағы шу болған лагерьге пікір білдірді
“Қазір мен Өзбекстандамын. Егер такси бағасын салыстырып көрсек, мұнда арзанырақ. Тамақпен салыстырғанда оларда мейрамханалар, жол бойындағы кафелер көп, бағасы бізбен салыстырғанда әлдеқайда қолайлы”, – деп түсіндіреді Туризм индустриясының ұлттық қауымдастығының президенті Раушан Шамиль.
Ішкі туризмді ынталандыру үшін мемлекет өткен жылы турпакет сатып алған 18 жасқа дейінгі балаларға әуе қатынасын тегін еткен. Сондай-ақ бонустық жүйені де енгізген. Дегенмен, жүйелі шаралар болмаса, туризм саласы дамымай қалады, дейді мамандар.