Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында жолға қосымша пойыздар қосылады

Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында халықтың сұранысының көптігіне байланысты жолға қосымша пойыздар қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрліктің мәліметінше, орын саны ең сұранысқа ие бағыттарға арттырылады. Стандартты жолаушылар вагондарынан тұратын 22 рейске 3 қосымша пойыз қосылды. Олар:

  • №201/202 "Алматы-2 – Астана-1";
  • №204/203 "Нұрлы жол – Шымкент";
  • №205/206 "Ақтөбе – Нұрлы жол".

Сонымен қатар, жолаушылар ағыны жоғары бағыттар бойынша қолданыстағы пойыздарға қосымша 230 тіркемелі вагон қосылды.

Қала маңы тасымалдары желісі бойынша:

  • Астана – Павлодар,
  • Шу – Тараз,
  • Астана – Атбасар,
  • Астана – Курорт-Бурабай,
  • Қарағанды – Балқаш бағыттары бойынша 11 қосымша рейс ұйымдастырылып, Қарағанды – Балқаш бағытына 6 тіркемелі вагон қосу қарастырылған.


Жалпы Наурыз мейрамы күндері жолаушылар үшін қосымша шамамен 45 мың орын ұсынылатын болады.

“Сонымен қатар, еліміздің бірқатар теміржол вокзалдарында шағын мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарлануда, оның ішінде жолаушыларға дәстүрлі ұлттық тағамдар ұсыну, тақырыптық фотозоналар орнату және мәдени қойылымдар ұйымдастыру қарастырылған. Бұл Наурызды мерекелеу күндері жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 16:06