Елімізде мұғалімдер жұмысқа байқау арқылы қабылданады
Ендігі уақытта Қазақстанда мұғалімдер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады және ол электронды форматта өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, өткен жылы білім беру саласында сапалы өзгерістер орын алды.
"Педагог мәртебесі туралы" заңның аясында педагогтардың еңбек жағдайы жақсаруда. Айтар болсақ, мұғалімдерді тікелей міндеттеріне тән емес жұмыстарға әрі көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданды. Одан бөлек, барлық өңірде педагогтарың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер ашыла бастады. Биыл бұл жұмысты соңына дейін жеткізуді көздеп отырмыз", - деді ол.
Бұған дейін министр 2023 жылдан бастап мектептерде латын графикасы енгізілетіні туралы мәлім еткен болатын.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?