2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға берілетін төлемақы мөлшері артады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 10% артқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл жалпы ауру салдарынан тағайындалатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері:
- I топ мүгедектігі бойынша – 111 872 теңге;
- II топ мүгедектігі бойынша – 89 498 теңге;
- III топ мүгедектігі бойынша – 61 021 теңге.
2026 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетінен айырылуға қатысты орташа әлеуметтік төлем мөлшері 72 409 теңге, ал асыраушысынан айырылу бойынша 73 306 теңге болады.
Қазақстанда ардагерлер мен мүгедектер тізіміне үлкен тексеріс басталды: Кімдер жәрдемақыдан қағылады
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?
Министрлік мәліметінше, 2025 жылы мүгедектікке және асыраушысынан айырылу жағдайына қатысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 655,7 миллиард теңге бөлінген. Бұдан бөлек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 90,3 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 553,9 мың адам, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 191,9 мың адам болды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылғаны туралы жазған едік.