Елімізде миллиардтар қайда кетеді – Қазақстан 2024 жылы рекордтық соманы үнемдеп қалды
Қаржы мониторингі агенттігі 2024 жылы бюджет қаражатын ұрлаудың алдын алу шараларының нәтижесінде 103 миллиард теңге үнемделгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды салу кезінде жобалау–сметалық құжаттаманы талдау жолымен артық шығындарды барынша азайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
"Осы жұмыстардың арқасында 61 құрылыс нысаны бойынша шығындар қысқартылды. Бұл мемлекетке шамамен 103 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік берді", – делінген хабарламада.
Бұл жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде Қаржы мониторингі агенттігі жүргізетіні айтылды.
Мәселен, Қарағанды облысында "Қарағанды Су" ЖШС-нің бас су тазарту құрылыстарын қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезеңінде құбырлы өнімдердің бес түрінің құны көтерілгені анықталды. Ұқсас өнімдер мен балама ұсыныстардың бағасына мониторинг жүргізу сметалық құнын 6,1 миллиард теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді.
Ақтөбеде"Моисеевкий су тартқышының құрылысы" кезінде жарамсыз су қоймалары қолайлысына ауыстырылды. Бұл шығындарды 827 миллион теңгеге (929 млн теңгеден 102 млн теңгеге) қысқартты.
Резервуарлар көлемінің өзгеруі құбырлар мен сорғылардың мөлшерін өзгертуге себеп болды. Соның нәтижесінде шамамен 20 миллиард теңге үнемделді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматылықтарды 3,7 миллиард теңгеге алдаған шетелдік әйел Ресейден Қазақстанға экстрадицияланған еді.