Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мектептердің 88%-да ерекше балаларға жағдай жасалған

Қазақстандық мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін жағдай жасалып жатыр. Қазір мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға мүмкіндік бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қолдау көрсету кабинеттері мен жеке бағдарламаларына жаңа талаптар әзірленді.

"Қазір білім беру мекемелерінде 60 мың бала психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Бұл – әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін жасалған маңызды қадам", — деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігі инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Ботабаева.

Инклюзивті білім беру барысында әр балаға жеке қолдау көрсетіліп, бірегей қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік сын-тегеуріндерге төзімділік танытуға көмектеседі.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда оқушылардың мектеп формасына қатысты петиция жарияланды. 

Талқылау