Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қыздар неке сыйлығы ретінде үй мен көлік сұрайтын болған

Исламда күйеу жігіттің жарына ақшалай немесе дүние ретінде берілетін сыйлығын “Мәхр” деп атайды. Шариғат бойынша онсыз неке қиылмайды. Ал оның көлемін тек қалыңдық анықтайды. Еліміздің келіншектері бүгінде мәхрге не сұрап жүр?

35_main-mg3acn38lj5drhvpriax64hlbic7pzpn1vqlnfbp82

Сурет: ult.kz 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бүгінде мәхр көлемінен қыздар жарыс ұйымдастыратынын имамдар да жасырмайды. Бірі көлік, бірі үй, бірі құндыз тон сұрап жатады -дейді. Шариғатта мәхрдің шегі жоқ делінсе де, сұраған осы екен деп, күйеуіне шамадан тыс күш салу қыз әдептігінің, тәрбиесінің, көрегендігінің бір нышаны дейді имамдар.

Жалпы мәхрдің ең жоғарғы мөлшері белгіленбегенімен, ең төменгі көлемі бар екен. Бүгінге ол 10 дирхамға тең, яғни 45-50 мың теңге көлемінде. Алайда оны міндетті түрде пайдалану шарт емес екен, үйленгеннен кейін мәрхден бас тартуға да болады -дейді имамдар.

– “Егер неке барысында мәхр мүлдем айтылмаса, әйелге стандарт мәхр беріледі. Яғни Алматының маңайында қыздарға қанша мәхр беріліп жатса, сол мөлшерде мәхр беріледі. Кешіктірілгендер бар, белгілі бір мерзімге ұзартылғандар. Ал енді қандай да бір мерзімі көрсетілмей, күйеуі қайтыс болып кеткеннің өзінде әйелге соның дүние мүлкінен алып беріледі бәрібір шариғат бойынша, – дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы.

Мәхрді әркім өз білгенінше сұрауға құқылы. Алайда сыйлық көлемі мен бағасы ақылға қонымды, отағасының қаржылық мүмкіндігі шегінде болғаны абзал дейді дін мамандары.

Талқылау