Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде көзі тірісінде Тәуелсіздікті нығайтуға үлес қосқан тұлғаларға ескерткіш қоюға рұқсат етілді

Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі және көзі тірісінде сіңірген басқа да еңбегі үшін көрнекті тұлғаға ескерткіш орнатуға рұқсат етіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

"Монументалды өнер құрылымдарын құру қағидаларын бекіту туралы" Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығына, атап айтқанда монументалды өнер ғимараттарын орнату ережелеріне өзгеріс енгізілді.

Енді мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға, айтулы тарихи оқиғаны жүзеге асыруға ерекше сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлғаларға, ерлік пен батырлық көрсеткен жағдайларды санамағанда, оның қайтыс болған күнінен бастап бес жылдан кейін ескерткіш орнатуға болады.

Ескерткіштерді әкімдіктер бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен орнатады. Құрылыстың өзі үкімет қаулысымен белгіленген көрнекті тұлғалардың мерейтойлары мен есте қаларлық даталарына, айтулы тарихи оқиғаларға қарай орайластырылады. Оның есімі Республикалық ономастикалық комиссия бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде болуға тиіс.



Бұл ретте бір көрнекті тұлғаның немесе маңызды тарихи оқиғаның бір елді мекенде бір ғана (біреуден аспауы керек) ескерткіші орнатылады.

Бұған дейін Алматы облысында Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті қойылған еді.

Талқылау