Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде көктемгі егін егу науқанында диқандар дизель отынын 15% төмен бағаға ала алады

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Үкімет көктемгі егін егу науқанында диқандарды қолдау үшін дизель отынының бағасын 15% төмен етіп бекітті. Аталған шара егіс жұмыстарын уақытында әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика министрлігіне көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынының шекті бағасын уақытылы бекітуді тапсырды. Оның айтуынша, жанармаймен қамтамасыз ету мәселесі ауыл шаруашылығы науқанының ең маңызды кезеңдерінің бірі.


Қазақстанда дизель отыны мен бензин тапшылығы бола ма: Энергетика министрлігі жауап берді


Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель бағасы бекітілді


Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін шекті баға нарықтық бағадан 15% төмен бекітілгенін баяндады.

Ведомствоның мәліметінше, биыл диқандардың егін егу науқанына берген электронды өтінімдері негізінде 402 мың тонна мөлшерінде жеңілдікті дизель отынының көлемі дайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі елде дизель тапшылығы қашан жойылатынын айтқан еді. Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарының қуатын кеңейткен соң мұнайды қайта өңдеу көлемі жылына 18,4 миллион тоннадан 27,7 миллион тоннаға дейін өседі. Бұл елдегі бензин, дизель отыны және авиакеросин көлемінің артуына мүмкіндік береді.

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 10:48