Елімізде іздеу жарияланған қос әйелдің көз жұмғаны анықталды
LIDER.KZ еріктілері Шымкент пен Алматыда іздеу жарияланған екі әйелдің көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Щелконогова Татьяна Алексеевна 1961 жылы Шымкентте туылған. 19 мамырда Шолохов көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Анықталғандай әйел күйзеліс жағдайында болған.
Айдамирова Айша Әшімқұлова 1952 жылы туылған, оны қызы іздестірген. Бұған дейін әйел Алматыдағы екінші шағынауданда тұрыпты. Бірақ туыстарымен байланыс 2009 жылы белгісіз себептермен үзіліп қалған. 22 мамырда әйелдің көз жұмғаны анықталды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"