Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да әріптесін зорлады деп айыпталып, әлі жазаланбаған полиция қызметкері жұмысына қайта оралғысы келеді

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұрақты түрде жұмысқа қабылдау маусымы басталғанын жариялады. Ал әріптесін зорлады деп айыпталған Риддер қаласындағы уақытша ұстау изоляторының бұрынғы бастығы қызметінен қайта оралуға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

2021 жылдың соңында желіде полиция қызметкері әріптесін зорлады деген ақпарат пайда болды. Ол қатардағы полиция қызметкері емес, Риддер қаласындағы уақытша ұстау изоляторының бастығы. Желіде күдіктінің де, жәбірленушінің де аты-жөні жарияланды.

Ол кезде Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментін Сағат Мәдиев басқарып отырған еді. Ол осы оқиғаға байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған. 

"Риддер қалалық полиция департаментінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылықты жасағаны үшін қызметінен босатылды. Оның тікелей басшыларын, оның ішінде қалалық ішкі істер бөлімінің бастығын қызметтерінен босату туралы шешім қабылданды", – деп жазды ол.

Зорлады деп күдіктелген уақытша ұстау изоляторының бастығына қатысты тергеу ұзаққа созылып, 2023 жылдың басында ғана сотқа берілді. Сот жабық түрде өтті. 

Қызметтік тексеру бойынша, полиция қызметкері спорт залда қызбен оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Сол күні ол орталық аудандық ауруханаға барған. Алайда оған миы шайқалған деген диагноз қойылған. 



Қыз зорланғаны туралы хабарлап, күдіктіні іздеу басталған. Бірақ сол күні уақытша ұстау изоляторының бастығы себепсіз жұмыста болмағандықтан қоңырауларға жауап бермеген. Келесі күні оны жұмыстан шығарып жіберген.

Уақытша ұстау изоляторының экс-басшысына үкім 2023 жылы оқылып, ол ақталып шыққан. Бірақ 2024 жылы іс Жоғарғы сотқа дейін жетті. Жоғарғы соттың шешімімен ақтау үкімі жойылған көрінеді. Бұл туралы Өскемен қалалық сотындағы іс материалдарында айтылған. 

Полиция департаментінің өкілі, сотқа экс-әріптесіне қатысты осы азаматтық істі қарау кезінде "ақтау үкімінің күші жойылды, қылмыстық іс жаңадан қаралып жатқанын" хабарлады. Жалпы, ол жұмысқа қайта алынбаған.

Бұл сотқа негізсіз жүгінген жалғыз жағдай емес. Мәселен, майор – Өскемен унитарлық кәсіпорнының кезекші бөлімінің қызметкері кәуапханадан келе жатып, рульге мас күйінде отырған. Оны патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқанда құжаттарын көрсетуден бас тартқан. Оның үстіне ол көлігінің газын басып, инспекторды 20 метрдей жерге сүйреп апарған. Инспектор бір сәтті пайдаланып, секіріп үлгерген. 

Майор кейіннен құжаттарын үйінде ұмытып кеткенін айтқан. Ал сотта оған қызметіне байланысты барлық уақытта және барлық жерде заң талаптарын сақтауы керегін ескертті.

Заң бұзушы жалғыз бұл майор емес. 2019 жылы жұмыстан босатылған тағы бір бұрынғы қызметкер де құқық қорғау органдары өкілдерімен жанжалдасқан. Патрульдік полиция қызметкерлері оны тоқтатқанда, ішімдік иісі шыққан. Сосын полицей қашып кетпек болып, медициналық тексеруден бас тартқан. Ол осы әрекеті үшін жауапқа тартылды. Оның ойынша, ол өз кінәсін өтегендіктен, жұмысқа қайта оралуға толық құқығы бар.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тәртіп сақшыларының адалдығы жасырын түрде тексерілетіні хабарланған еді. Егер полицейлер сынақтан өтпесе, тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.

Талқылау