Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде доллар бағамы 490 теңгеге дейін төмендеді

Доллар бағамы төмендедіФото: Freepik.com

KASE биржасында доллар бағамы тәулігіне тағы 3 теңгеге төмендеп, 490 теңгеге жақындады. Кейбір айырбастау пункттерінде долларды осы межеден де төмен бағамен сатып алып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Kurs.kz порталының деректеріне сәйкес, бүгін сағат 15:30-дағы жағдай бойынша ел мегаполистеріндегі айырбастау пункттері қолма-қол доллардың сатып алу және сату бағамын төмендегідей белгіледі:

Астана: сатып алу – 490 теңге, сату – 497 теңге;
Алматы: сатып алу – 482–487 теңге аралығы, сату – 492,4–498 теңге аралығы;
Шымкент: сатып алу – 491–492,5 теңге аралығы, сату – 493,5–496 теңге аралығы.Астана доллар бағамы

Астана қаласында доллар бағамы.

Ал еуро бағамы тәулік ішінде айтарлықтай өзгерген жоқ. Бүгін сағат 15:30-да оның орташа өлшенген мәні 585,28 теңге болды.

Елдегі айырбастау орындары қолма-қол еуроның сатып алу және сату бағамын мынадай деңгейде белгіледі:

Астана: сатып алу – 582 теңге, сату – 592 теңге;
Алматы: сатып алу – 578–586,1 теңге аралығы, сату – 586–592 теңге аралығы;
Шымкент: сатып алу – 580–587 теңге аралығы, сату – 588–592 теңге аралығы.Алматы доллар бағамыАлматы қаласындағы доллар бағамы.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026 16:39