Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Елімізде ChatGPT-ді пайдалануға тыйым салына ма – Министрлік жауап берді

Фото: freepik.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі GPT чатын пайдалануға тыйым салынды деген ақпаратқа пікір білдірді. Ведомство жеке деректермен, қызметтік немесе жабық ақпаратпен жұмыс істегенде мұқият болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік ChatGPT-ді қолдануға тыйым салынбайтынын жеткізді. Алайда ақпараттық қауіпсіздікті сақтау үшін шаралар қабылданады.

“Цифрлық даму министрлігі мемлекеттік органдардың сезімтал деректерін қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Осы жұмыс шеңберінде 2024 жылы мемлекеттік секторда жасанды интеллект (AI) қолдану бойынша ұсыну сипаттағы басшылық құжат бекітілді. Құжат AI технологияларын пайдалану кезінде киберқауіпсіздікті арттыруды мақсат етеді. Құжат ChatGPT қоса алғанда, шетелдік AI қызметтерін пайдалануға тыйым салмайды. Бірақ ықтимал тәуекелдер туралы ескертеді. Әсіресе жеке деректермен, қызметтік немесе жабық ақпаратпен жұмыс істегенде мұқият болған жөн”, – делінген ведомство хабарламасында.



Сонымен қатар министрлік отандық AI шешімдерін елімізде белсенді түрде дамытып, енгізіп жатыр.

“Мысалы, мемлекеттік органдар пайдаланатын және қорғалған ортада жұмыс істейтін жабық желіде (ЕТС) және Ұлттық жасанды интеллект платформасында келесі негізгі құралдар қолжетімді: қазақ және орыс тілдеріне аудармашы, заңнама бойынша AI-көмекші, сондай-ақ сұранысқа жауап беріп, талдамалық материалдар жасай алатын үлкен тілдік модель”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT-ді пайдалануына тыйым салынатыны туралы хабарлаған едік.

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 17:32
Талқылау