Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде алты ірі күріш өндіруші компания алдын ала сөз байласты деп айыпталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "Абзал и К" ТС, "Мағжан и К" ЖШС, "Жан-Арай" ЖШС, "Най-Мир" ЖШС, "Абай-Даулет" ЖШС және "Байдалиев К" ЖК компанияларына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

күріш

Агенттік мәліметінше тергеу барысында кәсіпкерлер күріш бағасын белгілеп және ұстап тұру туралы бәсекеге қарсы келісілген іс-қимыл фактілері анықталған. 

“Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Ағымдағы жылдың маусым айында сот жоғарыда аталған күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты”, – делінген хабарламада. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Назархан Уән
Жұма, 23 Маусым, 2023 11:02