Қазақстанда салық декларацияларын тапсыру тәжірибесі алдағы жылдары жойылады
Фото: freepik.com
Қазақстанда халықтың табысын декларациялау жүйесінен бас тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, жаңа Салық кодексінде декларацияны алдын ала автоматты түрде толтыру режимі енгізіледі. Бұл жүйеде декларация деректері кассалық аппараттар мен басқа да ақпараттық көздерден алынған мәліметтер негізінде автоматты түрде жасалады.
“Қызық болайын деп тұр”: Шенеуніктердің декларацияны қашан жариялайтыны белгілі болды
"Жалпы, алдағы бес жылда табыс декларациясын өз бетінше тапсыру жүйесі біртіндеп жойылуы мүмкін. Себебі қазір қаржы айналымы толықтай ашық. Төлемдердің барлығын көріп отырмыз. Алушылар мен табыс иелері туралы деректер бізге беріледі. Басқа мемлекеттік органдардан да табыс жөнінде ақпарат түседі. Сондықтан декларацияны өз қолымен тапсыру жүйесі бірте-бірте тарих қойнауына кетуі әбден мүмкін", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, декларацияларды алдын ала автоматты түрде толтыру жүйесі осы бағыттағы алғашқы қадам болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі декларация тапсыруға міндетті қазақстандықтарды бақылауды күшейтетіні туралы жазған едік.
Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады