Ауқатты әрі қарапайым: еліктеуге тұрарлық 8 танымал адам (фото)
Әлемде танымал болғандарына қарамастан өзіндік бейнесі мен өмір сүру стилін тым қарапайым ұстайтын жандар баршылық. Тіпті бала кездегі ақымақтығын сондай үлкен мәртебеге ие болғанына қарамастан тастай алмайтындар да жетерлік. Ақша мен қоғамдағы орыны аса маңызға ие емес екенін дәлелдей алған жандарды тізбелеп көреміз.
Бұл туралы bigpicture.ru сайты хабарлайды.
Бұл – Швецияның жәй ғана ханшайымы Мадлен. Ол итінің күтіміне тек өзі жауап береді. Әлемдегі ең кедей президент. Уругвай президенті Хосе Корданоны жергілікті халық Эль Пепе деп атайды. Ол өзінің жалақысының барлығын кедей-кепшіктерге қайырымдылық ретінде ұсынады. Ол айына 263 000 песо жалақы алады. Ол тек өзіне 26 300 песо ғана қалдырып, қалғанын қайырымдылыққа таратады. Қарапайым ғана ауылда тұратын президент, үй шаруашылығына керек суды құдықтан өзі тасып алады. Ең ірі байлығы 1987 жылғы «Фольксваген Жук» көлігі. Оның банкте есепшоты және ешкімге қарызы да жоқ.
Емханада кезек күтіп отыр.
Лондон мэрі. Лондон қаласының мэрі Борис Джонсон галстуксыз, еркін спорттық күртеше киіп, рюкзак асынып, велосипед теуіп жүруден еш қысылмайды. Ол Британия аумағында велосипед қозғалысын дамытуға көңіл бөліп келе жатқан бірден бір тұлға.
Рейкьявик қаласының мэрі. Йон Гнарр – Исландияның ең үлкен қаласы Рейкьявиктің мэрі. Бұл кісі ЖОО-да білім алмаған. Комедиялық актер және такси жүргізушісі болған ол 2010 жылы ойда-жоқта саяси партия құрып, оны “Үздік партия” деп атаған. Партия құрамына: суретшілер, музыканттар, әзілкештер кірген. Олардың ешқайсысы да бұрын-соңды саясатпен айналыспаған. Қызық болғанда, қала тұрғындары осы партияның көшбасшысын таңдап, нәтижесінде ол өзгелерден озып 37,4 пайыз дауыс жинаған.
Нью-Йорк қаласының экс-мэрі – Майкл Блумберг өте қызық тұлға. Ол әлемнің бай адамдарының арасында 13-ші орында тұр. Басшы кезінде ол Нью-Йорк метросымен жүретін. Суретте мэр қалалық кеңетегі жұмыс орынында отыр. Офистің жабдықталуы да қарапайым: Әдеттегі монитор, қағаз, үстел.
Хиппи-миллиардер Ричард Брэнсон. Сэр Ричард Брэнсон – Virgin әуекомпаниясының негізін қалаушы. Ол тіпті ұшақтағы жолаушыларға стюардесса киімін киіп өзі қызмет көрсетіп тұрады.
Google аңызы. Сергей Брин – компьютер бизнесінің аңызы, Google Inc компаниясының негізін қалаушыларының бірі әрі технологиялар бойынша президенті. Миллиардер, Американың ең бай адамдарының қатарында. Бірақ, осындай атақ-даңққа қарамастан ол үш бөлмелі пәтерде тұрып, қарапайым көлігімен жұмысқа қатынайды. Миллиарды жоқ миллиардер. Чак Фини – Duty Free Shoppers дүкендер желісінің негізін қалаушы. Ол капиталындағы 7,5 миллиард долларды жұмсап соңғы 30 жылда әлемді айналып шыққан. Ол бұндай байлыққа коньяк, әтір, темекі сатып жеткен. The Atlantic Philanthropies деп аталатын оның қоры 6,2 миллиард долларды білім, ғылым, денсаулық сақтау, адамзаттың құқығын қорғау және қарттар үйін салуға бөлген. 2020 жылға дейін Чак Фини өзінде бар барлық ақшаны қажет еткендерге түгелдей жұмсағысы келеді.