Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің үшінші кезеңіне шықты

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің үшінші кезеңіне шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images

Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің екінші кезеңінде де жеңіске жетіп, үшінші айналымға шықты. Екінші кезеңде Германия елінің өкілі Лаура Зигемундке қарсы ойнаған отандасымыз үш сетте 6:3, 3:6, 6:3 есебімен басым түсті. Рыбакина үшінші айналымда әлемдік рейтингте 91-орында тұрған польшалық  Каролина Возняцкиге қарсы ойнайды. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Бубликтің "Уимблдон" турнирін сәтті бастағанын жазған едік.    

Талқылау