Әлемнің бірінші ракеткасымен сынға түседі: Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің финалына шықты
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің 32-ракеткасы ресейлік Анастасия Павлюченкованы 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Теннисшілердің кездесуі бір жарым сағатқа созылды.
Финалда Елена Рыбакина жекпе-жексіз финалға шыққан әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швонтекке (Польша) қарсы ойнайды. Ига Швонтектің қарсыласы чех теннисшісі Каролина Плискова беліндегі жарақатына байланысты жартылай финалдық кездесуден шығып қалған еді.
Еске салсақ, бұған дейін Елена Рыбакинаның WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алғаны туралы жазған едік.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

