Елена Рыбакина Берлиндегі жарыстың бірінші айналымында үздік ойыншымен жолығады
Фото: instagram.com/lenarybakina
Елена Рыбакина Берлиндегі ірі теннис турнирінің алғашқы айналымында әлемдік рейтингтің үздік өкіліне қарсы ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық теннисші 17 маусым күні Германия астанасында өтетін жарыста алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы – WTA рейтингінде 4-орында тұрған Қытай спортшысы Чжэн Циньвэнь. Ал Рыбакина қазіргі таңда 11-сатыда орналасқан.
Турнир қарсаңында қос теннисшінің нәтижелері әртүрлі болды. Өткен аптада Рыбакина Лондонда өткен жарыста күтпеген жерден әлемнің 86-ракеткасы Татьяна Мариядан жеңіліп қалды. Ал Чжэн Циньвэнь осы жарыста жартылай финалға дейін жетіп, америкалық Аманда Анисимоваға есе жіберді.
2022 жылғы Уимблдон чемпионы мен әлемдік рейтингтің төртінші нөмірі арасындағы бұл кездесу турнирдің алғашқы күніндегі басты матчтардың бірі болмақ. Айта кетейік, ойын Астана уақытымен 20:30-да "Штеффи Граф Аренада" өтеді.

"Ер актерлерге әйелдерге қарағанда көбірек төлейді": Отандық кино жұлдыздарының гонорары қанша
