Елена Рыбакина Australian Open турнирінде әлемнің бірінші ракеткасымен чемпиондық атақты сарапқа салады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол финалдық жолдама үшін айқаста АҚШ өкілі Джессика Пегуланы 2:0 (6:3, 7:6) есебімен ұтты. Бұл жеңісінің арқасында дүйсенбі күні Елена Рыбакина WTA рейтингінде әлемнің 3-ші ракеткасы атанады.
Енді Елена Рыбакина ақтық сында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салады. Финалдық матч 31 қаңтар күні болады.
Бұған дейін Елена Рыбакина мен Арина Соболенко 14 рет кездесіп, оның 6-да қазақстандық теннисші жеңіске жеткен. Ал қалған сегіз ойында Арина Соболенконың мерейі үстем болған.
Айта кетейік, Арина Соболенко Australian Open турнирінің 2023 және 2024 жылғы чемпионы. Ал 2025 жылғы финалда ол америкалық Мэдисон Кизге жол берген.
Осылайша, Соболенко Ашық эрада (1968 жылдан бері) Australian Open финалына қатарынан төрт рет шыққан үшінші теннисші атанды. Бұған дейін бұл жетістікке Ивонн Гулагонг пен Мартина Хингис қол жеткізген.
Аталмыш турнирдің жалпы жүлде қоры – 74,9 миллион АҚШ долларды құрайды. Ал жекелей сынның жеңімпазы 2 793 365 доллар сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болмақ.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты