Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Australian Open турнирінде финалға шықты

Елена Рыбакина Australian Open турнирінде ақтық финалға шықты

Фото: Getty Images

Әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы Австралияның ашық чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетіп, ақтық финалға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елена Рыбакина америкалық теннисші, әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9/7) есебімен ұтты.

Ойын 1 сағат 40 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 10 мүмкіндіктің төртеуін брейк-пойнт ретінде сәтті пайдаланды. Ол бірде-бір қос қате жібермей,  оның добы бес рет қарсыласына жеткізбей, отандасымызға ұпай әкелді. Ал Пегула екі эйс жасап, төрт брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.

Елена Рыбакина үшін бұл топ-10 ойыншыларынан қарсыластарына қарсы кезекті тоғызыншы жеңіс. Осылайша, ол үздік ондыққа кіретін қарсыластарынан қатарынан тоғыз рет жеңіп отыр. Соңғы рет Рыбакина 2025 жылы қазанда Уханьдағы WTA турнирінде топ-10 ойыншының бірі белорусиялық теннисші Арина Соболенкоден жеңілген еді. Қазақстандық спортшы дәл сол ойыншымен финалда кездеседі. Соболенко жартылай финалда рейтингте 12-орында тұрған украиналық Элина Свитолинаны жеңген еді.



Отандасымыз “Үлкен дулыға" турнирінің үшінші финалына (Уимблдон – 2022) және Australian Open бойынша екінші финалға шықты. 2023 жылы спортшымыз чемпиондық титул үшін өткен матчта Аринa Соболенкодан жеңілді.

Еске салайық, Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңіп Australian Open турнирінің жартылай финалына жолдама алған еді. 

Айым Болатқызы
Жұма, 30 Қаңтар, 2026 08:55