Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жариялаған жаңартылған рейтингке сәйкес Рыбакина 1 сатыға көтерілді. Бұған дейін қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте мұндай сатыға көтерілген емес.
Елена Рыбакинаның алдында әлемдік рейтингте польшалық Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенко тұр.
Сондай-ақ Юлия Путинцева 58-ден 51-сатыға жоғарылады.
Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула үздік үштікте тұрса, қазақстандық Анна Данилина 25-тен 24-ке шықты.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

