Елена Рыбакина 2025 жылғы WTA турнирінің жартылай финалына шығып, миллионер атанды
Фото:championat.com
Қазақстанның бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA маусымдық финалында жартылай финалға жолдама алып, жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Турнирдің жүлде қоры рекордтық $15,5 миллионды құрайды. Жартылай финалға шыққан спортшы $1,29 млн, ал чемпион атанған теннисші $2,54 млн алады. Турнир жеңімпазының жалпы табысы $5,235 млн-ға жетеді.
Рыбакина қазірдің өзінде $1,05 млн табыс тапты: турнирге қатысу үшін $340 мың, топтық кезеңдегі екі жеңісі үшін $710 мың алды. Осылайша Елена Рыбакина Қазақстан тарихында WTA маусымдық финалдың жекелей сынында бақ сынаған алғашқы спортшы атанып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін WTA турнирінің жұптық сынында Қазақстан атынан Ярослава Шведова мен Анна Данилина өнер көрсеткен. Ал алдағы уақытта Сауд Арабиясы ATP мен WTA бірлесіп Masters 1000 турнирін өткізетінін хабарлады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

