Электронды темекі қолданған жасөспірім реанимацияға түсті
Санкт-Петербургте электронды темекі пайдаланған тоғызыншы сынып оқушысы жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі fontanka.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, 9-сынып оқушысын ата-анасы бөлмесінен тауып алған. Қыз есінен танған жерде жанында электронды темекі болған. Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырған.
Белгісіз затпен уланған қыз ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.
Басылымның айтуынша, жасөспірімнің денсаулығының күрт нашарлауына электронды темекі кінәлі болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін темекі өнімдерінің бағасы көтеріліп жатса да, былтыр темекі сатылымы 69% өсті. Ал темекі өндірісі 4% өскені туралы жазған едік.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты