Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдос Сметовтің басты қарсыласы болған Нұрқанат Серікбаев әлем чемпионы атанды

Нұрқатан Серікбаев дзюдодан әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ташкентте әскери қызметкерлер арасында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы топ жарды. 60 келі салмақта Елдос Сметовтің басты қарсыласы болған Нұрқанат Серікбаев қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды. Ол финалда тағы бір қазақстандық спортшы Шерзод Давлатовпен жолығып, екеуі алтын мен күмісті бөлісті. Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде қос жүлдеге қол жеткізді. 

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев ефрейтер шеніне ие спортшы. 

Талқылау