Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдос Сметовтың басты қарсыласы, атақты жапон дзюдошысы мансабын аяқтады

Елдос пен ТакатоФото:IJF

Жапонияның атақты дзюдошысы, Токио Олимпиадасының чемпионы Наохиса Такато ресми түрде спорттағы мансабын аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Наохиса Такато есімі қазақ жанкүйерлері үшін де жақсы таныс. Себебі 60 келінің жұлдызы талай жыл отандасымыз Елдос Сметовтың де жолын кескен.

Сондай-ақ 2024 жылы Париж Олимпиадасында Елдос Сметов дәл осы Наохиса Такатоның киманосын татамиге киіп шыққанын айтқан еді. Ал Такато Париж Олимпиадасынан тыс қалды. Ол 2023 жылы өткен Токио Гранд Слэмінде өзінің құрамадағы басты қарсыласы Рюджи Нагаямадан жеңіліп, Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен айрылған.

Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болса, дәл сол жылы Такато қола медаль еншілеген. Ал Такато 2020 жылғы Токио Олимпиадасында топ жарған. Бұған қоса Наохиса Такато 4 дүркін әлем чемпионы, 12 рет “Үлкен дулыға” турнирінің жеңімпазы.

32 жастағы танымал балуан соңғы рет Жапонияда Кодокан кубогында 60 келіде күрескен. Бұл оның мансабындағы соңғы жарысы болды.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 10:56