Елдос Сметов Олимпиада-2016 ойындарын жеңіспен бастады
Рио Олимпиадасында дзюдодан әлем чемпионы қазақстандық Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.
Фото: miss.inform.kz
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Атап айтқанда, Елдос Сметов ливиялық Мухамед Элькависден басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті. Елдос қарсыласын вазари әдісі бойынша жеңді.
Қазақстан спортшысының келесі қарсыласы Эшли Маккензи (Ұлыбритания) – Бекир Озлу (Түркия) сайысы қорытындысымен анықталады.
Жіберіп алмаңыз:
Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
Рио-2016: Олимпиадада бірінші “алтын” АҚШ-қа бұйырды
Рио олимпиадасының ашылу салтанаты қандай тосын сыйлар дайындауда (фото)
Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
Талқылау