Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елдің еркесі": Жанды дауыста ән айтқан Әбдіжаппар Әлқожа жұртты сүйсіндірді (видео)

Жанды дауыспен ән айтқан Әбдіжаппар Әлқожа жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында інісінің жанды дауыста ән шырқаған бейнежазбасын жүктеген. Отырыстардың бірінде гитара және скрипканың сүйемелдеуімен ән орындаған Әбдіжаппар Әлқожа өзінің талантын тағы бір мәрте дәлелдеген.

"Осы әнмен енді ауырғаны несі. "Лабиринт-жүрек". Жанды дауыспен осылай айтқаны ерекше ұнады. Мүмкін қайта өңдеу керек шығар?!" - деп жазды Роза Әлқожа.

Әбдіжаппар Әлқожаның жанды дауыста ән айтқанын көрген желідегілер өнер иесінің талантына тамсанып, дауысына тәнті болған. Осылайша жұрт әншіні мақтап, пікірлерін білдірген.

"Сенің де, ініңнің де дауысын ұнатамын. Өте керемет ән", "Іні мен әпкенің арасында керемет үйлесімділік бар", "Әбдіжаппардың дауысы керемет", "Әбдіжаппар керемет қазақи нақыштағы әнші. Меніңше өте әдемі, жүректі бір дегеннен баурап алатын ән", "Дауысыңнан айналдым, елдің еркесі", - деп жазды желідегілер.

Талқылау