Елдегі АЭС құрылысы кезінде қанша адам жұмыспен қамтылады – Министр айтып берді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясы құрылысы кезінде қанша қазақстандықтың жұмыспен қамтылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Үкімет отырысы кезінде энергетика министрі АЭС құрылысы кезінде 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адамның жұмыспен қамтылатынын мәлімдеді.
"2032 жылға қарай құрылыстың шарықтау шегінде 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. АЭС қолданысқа берілген соң кем дегенде 2000 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Жаңа жобалардан бөлек қолданыстағы жанармай-энергетикалық кешен орындарында 2025-2029 жылдары кадр қажеттілігі 16 мың жұмыс орны көлемінде болады", – деді министр.
Сондай-ақ АЭС құрылысын қамтамасыз ету үшін елдегі колледждерде АЭС-ке арналған мамандарды даярлау үшін мамандықтар ашылады. Олар:
- Дозиметрист;
- Жөндеу жұмысы бойынша слесарь;
- АЭС құрылғыларын жөндеу және күтімі бойынша мамандар;
- Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді